Дәрігерлер 41 жастағы әйел өлімін жүктілігіне 17 апта болған кезде тіркеген. Аурухананың неонатальдық бөлімшесінің жетекшісі Барбара Кроляк-Олейниктің айтуынша, әйелдің туған-туыстары дәрігерлерден сәбиді аман алып қалуларын өтінген. Осы жылғы қаңтарда дәрігерлер қайтыс болған ана құрсағындағы нәрестеге 26 апта болғанда, ота жасап салмағы 1келілік баланы жарық дүниеге алып шықты. Осыдан кейін бірнеше сағаттан соң оның анасының өмірін сақтап тұрған жүйе тоқтатылды.
Қазір 3 ай бойы палатада ем-домнан өткен бала әкесіне тапсырылды, деп жазады medpulse.ru.