Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы еліміздегі әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы № 706 бұйрығына сәйкес «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағында дрон аппаратын рұқсатсыз ұшыруға болмайды.
«Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында жүзеге асып отыр», - дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Жұмабайқызы.
Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.