Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл шешім 19 қазан күні өткен Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысында айтылды.

«ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың ұзақ уақытқа білім алуға кетуіне байланысты Федерация президентінің міндетін атқару Сейілда Икрамұлы Байшақовқа жүктеледі», - деп хабарланды ҚФФ ресми сайтында.