Өрттен келген шығын 150 мың теңгені құрайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті анықтау бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет капитаны Асхат Оразбековтің хабарлағанындай, облыс бойынша апта көлемінде 9 өрт оқиғасы тіркелді. Мамандардың анықтауынша, өрт электр желісінің қысқаша тұйықталуы, шылым шегудегі салақтық, балалардың отпен ойнауы, ашық отты пайдаланудағы оралымсыздықтан туындаған.