Қожамжаров: Жалған кәсіпорындарды лауазымды қызметкерлер пайдалануда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерді қорғаудың қадамдарын жүзеге асыруды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалған кәсіпкерлікпен күресу керек, оның келтіріп отырған залалы бар. Алайда, бұл бағыттағы күрес шаралары жұмысын адал атқарып жүрген кәсіпкерлерге жанама тиіп жатыр. Яғни, олар алаяқтардың кесірінен қаржылық жауапкершіліктің ауыртпалығын татып жүр»,-деді Елбасы.

Өз кезегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров өкінішке қарай, жалған кәсіпорындарды көбінесе бюджеттік қаржыны жымқыру кезінде лауазымды қызметкерлер пайдаланатынын атап өтті.

«Онда осы лауазымды тұлғалармен жұмыс істе. Ал бизнес жүргізетіндерге тиіспеңдер»,-деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент заңнаманы ізгілендіру жұмысын жалғастыруды тапсырды.

«Мұндай істерден бизнесмендерді арашалау үшін заңнаманы ізгілендіруді қарастырыңыздар. Әрине, егер де заңды бұзса жауапкершілікке тарту керек»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.