Қожайынына былапыт сөздер айтып, салғыласып жатқан тотықұсты полицейлер тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Брайтон қаласының тұрғындары көршісінің дауыс көтеріп, жанжал тудырғанын естіп, әйелімен керісіп жатыр деген оймен полиция шақырған. Сөйтсе ол тотықұспен ұрысқан болып шықты, деп жазады Би-би-си.

Полиция көршілері әйелімен қатты сөзге келіп, оны өлтірем деп қорқытып жатқанын айтқан бірнеше тұрғыннан шақырту алған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер үй йесі мен қарсы жауап қайырудан есе жібермей салғыласып жатқан тотықұстың жанжалына куә болған.

Полиция иесімен жанжал барысында тотықұстың зардап шекпегенін атап өтеді. Ер адамға полицейлер ешқандай шара қолданған жоқ.