Коллекциялық монеталар 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатуға шығарылады.
Коллекциялық монета туралы
Монета дизайны «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының желісімен дүниеге келді. Бұл поэма – мәңгілік махаббат пен жанкешті адалдықтың, өлмес сезімнің қазақ фольклорындағы ең асқақ үлгісін паш ететін құнды мұралардың бірі.
Монета мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады, оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған. Массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», номиналы 200 теңгелік, таралымы – 7 000 (жеті мың) дана.
Монетаның бейнесі
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай барлық төлем түрінде қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Осыған дейін Ұлттық банктің Конституцияға арналған коллекциялық монетаны айналымға шығаратыны туралы жаздық.