Қозыкөрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі 14 ақпанда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы сейсенбі, ақпанның 14-і күні, Астанада ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоштасу рәсімі сейсенбі күні шамамен 09:30-да Астанадағы Горький атындағы орыс драма театрында өтеді», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, Қозыкөрпеш Жаңбыршинді пантеонда жерлейді.

Айта кетейік, бүгін түнде 57 жасқа қараған шағында ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Қозыкөрпеш Жаңбыршин өмірден озды .