ҚПЛ: «Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ІХ турын «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) түйіндеді.

Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Ақтөбелік клуб маусым басында бас жүлдеден үміткер ретінде саналған еді. Десе де доп додасында сәтсіз ойын көрсетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Есесіне екінші кезеңде алаң иелері қатарынан үш гол соғып кетті. «Қайсар» сапынан Алияр Мұхамед 49, Саламат Жұмабеков 93-минутта автогол соқса, Артур Шушеначев 89-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 13 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.

Ойындар нәтижесі

9 мамыр

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Атырау» (Алматы) 0:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Жеңіс» (Астана) 2:3

«Елімай» (Семей) - «Каспий» (Ақтау) 0:1

«Астана» - «Қызылжар» (Петропавл) 2:1 

«Тобыл» (Қостанай) - «Ертіс» (Павлодар) 1:0

10 мамыр

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Қайрат» (Алматы) 1:1

«Алтай» (Өскемен) - «Ордабасы» (Шымкент) 0:0 

«Ақтөбе» - «Қайсар» (Қызылорда) 3:0.

Енді алдағы тур ойындары 16 және 17 мамыр күндері өткізіледі. 

Айта кетсек, бұдан бұрын «Қайрат» пен «Ордабасы» сырт алаңда ұпай жоғалтты.