ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Елімайға» жол берді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХ турындағы тағы екі ойынның нәтижесі анықталды.
Жанкүйерлер тарапынан «Елімай» (Семей) мен «Ақтөбе» кездесуіне қызығушылық ерекше болды. Турнир кестесінде қатарлас келе жатқан екі команданың ойыны тартысты өтетіні анық еді.
Матч ақтөбелік футболшылар үшін сәтті басталды. Олардың қатарынан Жайро Жан 27-минутта есеп ашты. Екінші кезеңде «Елімай» сапынан Ғалымжан Кенжебек 53, 64-минутта екі гол соғып, жеңісті жұлып алып кетті.
Осылайша семейлік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.
Тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) 1:1 есебі тіркелді.
Аталған турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» кездесуі 19 қыркүйекке шегерілді. Бұл шешім елордалық клубтың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты қабылданып отыр.
Алдын ала өткізілген ойында елордалық «Жеңіс» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жол берді.
Айта кетсек, 9 тамызда көкшетаулық «Оқжетпес» Талдықорғанның «Жетісу» клубына 1:2 есебімен жол берсе, «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Атырау» мен «Тұран» 1:1 есебіне қанағат білдірді.