ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсарды» жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 19-турындағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойын Қарағанды қаласында болды. Жергілікті «Шахтер»өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады. Кездесу тағдырын жалғыз голшешті. Оны 57-минутта Евгений Ткачук шебер орындады. Қарсыласынан 1:0 есебіменбасым түскен қарғандылық футболшылар турнир кестесінде алтыншы орынғакөтерілді.

Өткен турда сырт алаңда Алматының «Қайратынан» ойсырайжеңілген Қызылорданың «Қайсары» әлі ес жия қоймаған секілді. Бүгін олар өзалаңында турнир кестесінде соңғы орында келе жатқан «Ақтөбе» командасына 0:1есебімен жол берді. Кездесудегі жалғыз голды 41-минутта ақтөбелік Ардақ Сәулетсоқты.

Аталмыш турдағы қалған үш ойын 21 шілдеде өткізіледі. Бұлкүні «Тобыл» мен «Қайрат», «Атырау» мен «Ордабасы», «Тараз» бен «Жетісу»командалары кездеседі. Ал аталмыш турдағы «Ертіс» пен «Астана» арасындағы ойын15 мамырда өткізіліп, онда елордалық клуб сырт алаңда 4:0 есебімен жеңіскежетті.