ҚПЛ: Алаң иелері қонақтарға қауқар көрсете алмады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің 5 қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 30-тур ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұл турда алты ойынның бірінде ғана алаң иелері жеңіске жетті. Қалған ойындарда 2-і қонақтардың 3-і тең нәтижемен аяқталды.

Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда Павлодардың «Ертіс» командасымен кездесті. «Қайсар» сапынан 20-минутта Александр Марочкин жеңіс добын соқты. Бұдан кейін екі команда тарапынан бірнеше қауіпті сәт болды. Дегенмен ол мүмкіндіктер голға айналған жоқ.

Петропавлдың «Қызылжары» мен Талдқыорғанның «Жетісу» командалары тең түсті. Есеп 1:1. «Жетісу» сапынан Мантас Куклис есеп ашса, 67-минутта Уорш Делич есепті теңестірді.

Қарағандыда «Шахтер» «Ақтөбеден» 0:1 есебімен жеңілді. Бұл ойында ақтөбелік Хрвое Миличевич мергендік танытты.

«Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы кездесуде есеп ашылған жоқ.  «Астана» «Қайраттан» 10 ұпайға ұзап кетті.

Өз алаңында «Атырау» Оралдың «Ақжайығын» 2:1 есебімен тізе бүктірді. «Атырау» сапынан Бабатунде Атениджи 39 және 57-минуттарда гол соқса, оған «Атырау» ойыншысы Малик Мане бір голмен жауап қайырды.

Кеше, 20 қазанда өз алаңында «Астана» Шымкенттің «Ордабасы» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Келесі тур 27 қазанда жалғасады. Бұл турда «Қайрат» пен «Ертіс», «Тобыл» мен «Астана», «Ордабасы» мен «Шахтер», «Жетісу» мен «Атырау», «Ақжайық» пен «Қайсар», «Ақтөбе» мен «Қызылжар» кездеседі.