ҚПЛ: Алғашқы екі ойында тең нәтиже тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің бес қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кезекті туры өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай ойынның бірі Қызылорда қаласында өтті. Онда жергілікті «Қайсар» клубы «Атырау» командасын қабылдады. Бұл кездесу тартысқа толы болды. Ойында қос команда төрт гол соқты. Олардың барлығы екінші кезеңде соғылды. Алдымен «Атырау» алға шықты. Әуелете берген допты сыртқа шығаруға ұмтылған Тоқтар Жаңғылышбай 67-минутта өз қақпасына соғып алды. Арада 10 минуттай өткенде «Атырау» қақпасына пенальти белгіленді. Оны қызылордалық Асхат Тағыберген мүлтіксіз орындады. Ал 84-минутта таблода 2:1 есебі жанып тұрды. «Қайсар» ойыншысы Абдель Азиз Ламанж берілген бұрыштама добын қақпаға баспен енгізіп, өз командасын алға шығарды. Дегенмен алаң иелері бұл есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алған жоқ. 87-минутта «Атырау» сапынан Алексей Родионов гол соғып, қорытынды есепті белгіледі. Есеп 2:2.

Осы ойынмен қатар Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен Қарағандының «Шахтер» командалары кездесіп, ол 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл кездесуде «Шахтерден» Геворг Наджарян шолс оқса, оған 70-минутта Руслан Степанюк жауап ақйырды. Есеп 1:1.

Қазір еліміздің үш қаласында ойын өтіп жатыр. «Ақжайық» пен «Қызылжар», «Ордабасы» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Ертіс» командалары кездесуде.