Бұл күні елордалық «Астана» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасты.
Ойын барысында астаналық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде бірінші кезеңде олардың қатарынан Назми Грипши 14-минутта есеп ашса, одан кейін Алекс Аманович 27-минутта басымдықты арттырды.
Ал «Елімай» сапынан ролон Кевин 32, Ғалымжан Кенжебек 57-минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ойынның 61-минутта Назми Грипши тағы бір мәрте көзге түсіп, ел біріншілігінде 16 гол соғып үлгерді. Одан кейін «Елімай» сапынан Иван Свиридов 64-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Командалар 3:3 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
14 қыркүйекте алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, 13 қыркүйекте «Тұран» (Түркістан) мен «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 1:0, петропавлдық «Қызылжар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1, шымкенттік «Ордабасы» астаналық «Жеңісті» 2:1 есебімен қапы қалдырды.
Енді аталған турда 16 қыркүйекте «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.