ҚПЛ: «Астана» өз алаңында «Алтайдан» басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында елордалық «Астана» өз алаңында «Алтай» командасынан басым түсті.

Фото: «Астана» футбол клубы

Кездесу барысында елордалық клубтан Бауыржан Исламхан 8-минутта есеп ашса, оған 12-минутта өскемендік клубтан Ибрагим Дадаев бір голмен жауап қайырды. 

Одан кейін елордалық клубтан Марион Томасов 34, Рамазан Кәрімов 60, Станислав Басманов 62-минутта үш гол соғып кетті.

Нәтижесінде «Астана» қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұл турда 25 шілдеде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды.

Дәл қазір «Астана» — «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.

Бұл турды «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.