АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 19-турында «Астана» мен «Қайсар» кездеседі.
Аталған ойын алдымен 3 тамызға жоспарланған еді. Дегенмен сол уақытта кездесудің өтетін күнінің өзгеруіне елордалық клубтың UEFA Конференция лигасында сынға түсуі себеп болды.
Дегенмен олар жарысты үшінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның «Лозанна» командасынан (0:2, 1:3) жеңіліп, еурододадағы жорығын аяқтады.
Кездесу бүгін, 28 тамызда қазақстандық уақытпен сағат 20:0-де басталады.
Қазір ел біріншілігінде «Астана» 20 ойыннан кейін 43 ұпаймен екінші орында келеді. Көш басында «Тобыл» 44 ұпаймен тұрса, үздік үштіктегі «Қайраттың» 43 ұпайы бар.
Ал «Қайсар» 20 ойыннан кейін 19 ұпаймен он бірінші орында тұр.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасында «Ақтөбе» әйелдер клубы «Ромаға» есе жібергенін жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.