ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Жетісу» командасын сүріндірді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 15-туры мәресіне жетті.
Аталған турдың соңғы ойын күні, 6 шілдеге белгіленген кездесудің бірінде елордалық «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0 есебімен сүріндірді. Матч барысында астаналық клубтан Назми Грипши 45, Джеффри Чинеду Чарльз 68-минутта мергендік танытты.
Бұл турды «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда) қорытындылады. Кездесуде көкшетаулық клубтан Алияр Мұхамед 7, Адам Адахаджиев 10, Тимур Досмағамбетов 19-минутта гол соқса, оған Ерсұлтан Төреқұл 44-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде «Қайсар» сапынан Әліби Тұзақбаев 48-минутта автогол авторы атанса, Карам Сұлтанов 93-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша «Оқжетпес» қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді.
Айта кетсек, осы аптада Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері атанған еді.
Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
- «Ақтөбе» - «Атырау» 2:0
- «Елімай» - «Тобыл» 2:3
- «Жеңіс» - «Ұлытау» 2:0
- «Қызылжар» - «Ордабасы» 0:0
- «Қайрат» - «Тұран» 4:0
Енді алдағы тур ойындары 12 және 13 шілде күндеріне белгіленген. Аталған турда алдын ала өткізілген ойында «Қайрат» «Атырауды» 4:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» «Ақтөбеге» 1:2 есебімен есе жіберді.