Елордалық қос команда арасындағы ойын жанкүйерлер қызығушылығын туғызды. Өткен аптада болған алғашқы айналымның соңғы турында олар тең нәтижеге қанағат білдірген еді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасына жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан ойын тағдырын 40-минутта соғылған жалғыз гол шешті.
Оны елордалық клубтың жас футболшысы Мақсат Абраев өзінің еншісіне жазды. Ол биылғы доп додасында барлығы 16 ойын өткізіп, 3 гол соғып үлгерді.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 26 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Бұл турдағы алты ойын 4 және 5 шілде күндері өткізіледі.
Ойындар кестесі
4 шілде
- 17:00. «Алтай» - «Тобыл»
- 18:00. «Қызылжар» - «Елімай»
5 шілде
- 19:00. «Атырау» - «Каспий»
- 19:00. «Ақтөбе» - «Жетісу»
- 20:00. «Қайсар» - «Ертіс»
- 20:00. «Ордабасы» - «Ұлытау».
Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 еесбімен есе жіберді.