ҚПЛ: «Атырау» өз алаңында «Астана» командасынан басым түсті
АТЫРАУ. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының IX туры аясында жергілікті «Атырау» командасы елордалық «Астана» кездесті.
Кездесу бастала сала алаң иелері елордалық клубтың осал тұсын табуға тырысып, бірнеше рет қос қапталдан шабуыл ұйымдастырды. Қонақтар да қарап қалған жоқ. Қарымта шабуылға шығып, есеп ашатын мүмкіндікті күтті. Алайда атыраулық футболшылар қорғаныста да, шабуылда да сауатты ойнай білді.
Ойындағы жалғыз голды алаң 28-минутта иелері сапынан Николай Сигневич салып, «Атырауға» жеңіс сыйлады.
Дәл қазір «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары ойнап жатыр. Ал, 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы туры басталатынын хабарлаған болатынбыз.