ҚПЛ: Доп додасы 30 қарашада аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига ойындарының қашан аяқталатынын жариялады , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алда Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төрт туры қалды. Доп додасында 8-21 қараша аралығында ел құрамасының Ұлттар лигасы ойындарына қатысуына байланысты аздаған үзіліс болады.

Қазақстан чемпионатында 19-тур ойындары 21 қарашада жалғасады. Одан кейінгі турлардың ойыны 24, 27, 30 қараша күндері өткізіледі.

Кеше, 7 қарашада 18-тур басталып, «Қайсар» мен «Қайрат» командалары тең түсті . Бүгін тағы да үш кездесу өткізіледі.

Турнир кестесінде 45 ұпаймен «Қайрат» командасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда «Тобыл» және «Ордабасы» командалары келеді.