ҚПЛ: «Қайрат» «Астананы» ірі есеппен жеңді

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Премьер-лигасында IV турында алматылық «Қайрат» елордалық «Астанадан» басым түсті.

Биылғы біріншілікті екі команда да қарқынды бастаған еді. Алғашқы үш турда екі мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Нәтижесінде 7 ұпаймен турнир кестесінде үздік үштіктен көрінді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Жыл сайын алдыңғы орындардан көрініп жүрген командалар кездесуіне жанкүйерлер тарапынан қызығушылық ерекше. Десе де биыл елордалық клуб сапынан бірқатар футболшы кетіп қалды. Есесіне алматылық команда қатарына тәжірибелі футболшыларды қоса алды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Кездесу барысында алғашқы минуттан қос команда шабуылға көңіл бөлді. Осының нәтижесінде алматылық клуб жылдам гол соғып үлгерді. Олардың қатарынан 10-минутта Жоржиньо есеп ашса, 22-минутта Дастан Сәтпаев есепті үстемелей түсті. Ойынның 41-минутында Жоржиньо тағы бір мәрте мергендігімен көзге түссе, 45-минутта Александр Мартынович өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Енді «Астана» 11 сәуірде өз алаңында «Ордабасымен» кездессе, сол күні «Қайрат» сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» жасыл алаңға шығады.  

Дәл қазір «Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге елордалық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен жеңіп жатыр.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Айта кетсек, бұл турда 4 сәуірде Павлодардың «Ертісі» өскемендік «Алтайдан» 1:0, Семейдің «Елімайы» қостанайлық «Тобылдан» 1:0 есебімен басым түсті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Сондай-ақ «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0, «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірген еді.

Сонымен қатар бүгін «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Ақтөбе» 1:1 есебімен тең ойнаса, ақтаулық «Каспий» Талдықорғанның «Жетісуына» 0:1 есебімен есе жіберді.