Алматылық клуб үшінші турда сырт алаңда түркістандық «Тұран» командасымен кездесті. Биыл бас жүлдеге қол созуды қалайтын «Қайрат» бұл ойында тәжірибелі футболшыларға сенім артты.
Ойын барысында олардың қатарынан Георги Зариа 33-минутта есеп ашса, түркістандық клубтан Игорь Стасевич 54-минутта таразы басын теңестірді.
Ал 75-минутта алматылық клубтан Жоржиньо жеңіс голып соғып кетті.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, көш басындағы орнын сақтап қалды.
Аталған турдағы тағы бір кездесуде «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді 30 наурызда «Атырау» мен «Ақтөбе», «Астана» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Жеңіс» (Астана) командалары шеберлік байқасады.
Сонлай-ақ «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай) мен «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шығады.