ҚПЛ: «Қайрат» «Оқжетпестің» осал тұсын таба ала ма

Фото: «Қайрат» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған 22-турында «Оқжетпес» пен «Қайрат» командалары кездеседі. 

Кездесу қазақстандық уақытпен 16:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл турдағы өзге ойындар 23 және 24 тамыз күндері өтті. 23 тамызда Қостанайдың түркістандық «Тұранды», Семейдің «Елімайы» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:0, елордалық «Жеңіс» «Астананы», «Ақтөбе» талдықорғандық «Жетісуды» 3:2, жезқазғандық «Ұлытау» Шымкенттің «Ордабасысын» 2:1 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Қазір турнир кестесінде «Қайрат» 20 ойыннан кейін 43 ұпаймен үшінші орында келе жатса, 21 ойыннан кейін 32 ұпай жинаған «Оқжетпес» алтыншы орында тұр.

Сұрмергендер тізімінде «Астана» сапында Назми Грипши 11 голмен көш бастап келеді.