Биыл бас жүлдеден басьы үміткер қос команда Алматыда бас қосты. Алғашқы айналымда Шымкентте өткен кездесуде «Ордабасы» қарсыласын қапы қалдырған еді. Матч барысында қарсыластар жеңіске жетуге бар күшін салды.
Ойынның 14-минутында алматылық клубтан Марк Гуаль гол соқса, 87-минутта Ойва Юккола басымдықты арттырды.
Оған 92-минутта «Ордабасы» шабуылшысы Берн Йонсен бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Қайрат» басты қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, бүгін елордалық «Астана» Өскеменнің «Алтайын» 4:1 есебімен тізе бүктірсе, қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Тағы бір кездесуде «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бұл турда 25 шілдеде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды.
Бұл турды «Каспий» (Ақтау) -«Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.