Бұл күні алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдаған еді. Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы болып есеп ашты. Алдымен олардың қатарынан 13-минутта Яакко Оксанен есеп ашқан еді. Дегенмен олар 69-минутта атыраулық клуб сапынан Айбар Абдулла соққан голға тосқауыл қоя алған жоқ.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, алматылық клуб үш тур бойы жеңістің кілтін таба алмай келеді. Есесіне атыраулық команда тоғызыншы мәрте ұпай бөлісіп отыр.
Сондай-ақ қостанайлық «Тобыл» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:0 есебімен жеңсе, «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді екінші ойын күні, 14 маусымда қалған бес ойын өткізіледі.
14 маусым
17:00. «Ұлытау» (Жезқазған) — «Жеңіс» (Астана)
19:00. «Елімай» (Семей) — «Ордабасы» (Шымкент)
19:00. «Астана» — «Ертіс» (Павлодар)
20:00. «Ақтөбе» — «Алтай» (Өскемен)
20:00. «Каспий» (Ақтау) — «Қайсар» (Қызылорда).
Бұл турдағы алғашқы ойын күнінен кейін «Ордабасы» 28 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 27, «Оқжетпестің» 24 ұпайы бар.