ҚПЛ: «Қайсар» биыл өз алаңында алғаш рет жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясындағы «Қайсар» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу мерзімінен бұрын өтті.
Бұл шешім ақтөбелік клубтың Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты қабылданды.
Кездесу барысында ақтөбелік клуб жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 27-минутта олардың қатарынан Жайро Жан есеп ашса, 60-минутта қызылордалық командадан Дидар Жалмұқан таразы басын теңестірді.
Ойынның 75-минутта «Ақтөбе» сапынан Лев Скворцов қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен екінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, «Қайсар» бұған дейін өз алаңында өткен төрт кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ еді.
Айта кетсек, 14 мамырда футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалына жолдама алған барлық команда анықталды.
Енді жартылай финалда «Қызылжар» мен «Ордабасы», «Тобыл» мен «Жеңіс» ойнайды.
Ал ширек финалда «Астана», «Қайрат», «Елімай», «Тұран» командалары жарысты аяқтады.