ҚПЛ: «Оқжетпес» «Ақтөбенің» сәттілік сериясын тоқтатты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турындағы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойынКөкшетау қаласында болды. Жергілікті «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбе» командасынқабылдады. «Ақтөбе» турнир кестесінде көш соңында келеді. Соған қарамастансоңғы бес тур бойы жеңіліске ұшыраған жоқ. Екі мәрте жеңіске жетіп, үш мәртетең түсті. Сол сәттілік сериясы бүгін аяқталды. Олар алаң иелерінен 0:4есебімен жеңіліп қалды. «Оқжетпес» сапынан 8-минутта Артем Дмитриев 8 минуттаесеп ашты. Одан кейін 54 және 76-минуттарда көкшетаулық шабуылшы ЖасұланМолдақараев дубль жасады. Ойын нүктесін 83-минутта «Оқжетпес» ойыншысы ДаркоЗорич қойды.

Бүгінгі тағыбір кездесу Талдықорғанда болды. Онда жергілікті «Жетісу» Қарағандының «Шахтер»командасымен шеберлік байқасты. «Жетісудың» шабуылшысы Мартин Тошев 21 және26-минуттарда қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ойын соңына дейін осы есепөзгерген жоқ. Кездесуде «Жетісу» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұл турдағытағы бір ойын алдын ала 24 сәуірде «Қайрат» және «Атырау» командалары арасындаөткізіліп, ол ойында алматылықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал20-турдағы қалған ойындар 28 сәуірде «Ордабасы» мен «Ертіс», «Тобыл» мен«Қайсар», «Астана» мен «Тараз» командалары арасында болады.