ҚПЛ: «Оқжетпес» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турында көкшетаулық «Оқжетпес» клубы «Атыраудан» басым түсті.
Кездесу барысында көкшетаулық команда бірден шабуылға көшті. Қарсылас ұжым қақпасы алдында жиі бой көрсетті. Осындай сәттің бірінде қақпадан саңылау тауып кетті. Оны 6-минутта Дәурен Жұмат өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде Дамир Марат 52-минутта «Оқжетпестің» басымдығын арттыра түсті.
Ойынның 82-минутында атыраулық клубтан Барбоса есеп айырмасын қысқартты.
Аталған турда дәл қазір «Жеңіс» пен «Тобыл», «Жетісу» мен «Ұлытау» командалары кездесіп жатыр. Бірінші кезеңнен кейін есеп - 0:0.
Бұл турдағы алғашқы ойын күнін сағат 18:00-ге «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент) командалары түйіндейді.
Сондай-ақ 9 наурызда «Ақтөбе» мен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Астана) мен «Астана» шеберлік байқасады.