ҚПЛ: «Оқжетпес» турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді

Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХVII турының екінші ойын күні мәресіне жетті.

Бұл күнге белгіленген ойындарды «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ұлытау» (Жезқазған) кездесуі түйіндеді.

Ойын барысында көкшетаулық клуб сапынан Никола Цуцкич 44-минутта мергендік танытты. Одан кейін екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.

Осылайша «Оқжетпес» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 27 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, семейлік «Елімай» өз алаңынла «Жеңіске» 1:2 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ 20 шілдеде 18:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 20:00-де «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ордабасы» (Шымкент) кім мықтыны анықтайды.

Ал 18 шілдеде елордалық «Астана» Түркістанның «Тұранын» 7:0 есебімен тізе бүктірді.

Осыған дейін «Қайрат» өз алаңында «Қайсармен» тең түскені туралы жаздық.