Көш басында келе жатқан шымкенттік «Ордабасы» бұл турда да сүрінген жоқ. Өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдаған олар ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысты. Жылдам гол соғуға тырысқан шымкенттік футболшылар дегеніне 23-минутта жетті. Бұл жолы олардың қатарынан Леон Натель мергендік танытты.
Ойынның 45-минутында шымкенттік клубтан Мораэс Эвертон қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша қарсыласын 2:0 есебімен қапы қалдырған «Ордабасы» қатарынан бесінгі жеңісіне жетті.
Премьер-Лига, ХІV тур ойындары:
20 маусым
«Алтай» (Өскемен) - «Жетісу» (Талдықорған) 3:3
«Жеңіс» (Астана) - «Ертіс» (Павлодар) 0:0
«Қайсар» (Қызылорда) - «Ұлытау» (Жезқазған) 0:0
«Ордабасы» (Шымкент) - «Каспий» (Ақтау) 2:0.
Енді бұл турда 21 маусымда тағы төрт ойын өткізіледі.
21 маусым
17:00. «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Тобыл» (Қостанай)
18:00. «Қызылжар» (Петропавл) - «Қайрат» (Алматы)
19:00. «Елімай» (Семей) - «Атырау»
20:00. «Ақтөбе» - «Астана».
Бұл турдағы алғашқы ойын күнінен кейін «Ордабасы» 34 ұпаймен көш басында тұрса, одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 30, «Оқжетпестің» 24 ұпайы бар.