ҚПЛ: «Ордабасы» «Қайраттан» ұзай түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турының алғашқы ойын күні мәресіне жетті.

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Бұл турда шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында Өскеменнің «Алтайын» қабылдады. 

Премьер-лиганың 22-ші турында турнир кестесінің көшбасшысы «Ордабасы» өз алаңында соңғы орында тұрған «Алтай» командасын қабылдайды. Бұл маусымдағы алғашқы жеке кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. Енді «Ордабасы» жеңіс серпінін жалғастырып, ал қонақтар күтпеген нәтиже көрсетуге тырысты.

Кездесу барысында шымкенттік клубтан Сергей Малый 4-минутта есеп ашса, 38-минутта Берн Йонсен басымдықты арттырды.

Ойынның 68-минутында өскемендік клубтан Ибрагим Дадаев мергендік танытса, 86-минутта Берн Йонсен пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, 52 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Олар бас жүлдеден негізгі қарсыласы — «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап кетті.

Дегенмен олардың алматылық клубтан бір ойыны артық. 

Тағы бір кездесуде «Ақтөбе» сырт алаңда Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ 15 тамыздағы тағы екі кездесуде алматылық «Қайрат» Жезқазғанның «Ұлытауынан» 3:1, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түсті.

Енді 16 тамызда тағы төрт ойын өткізіледі. Алдымен 17:00–де «Ертіс» (Павлодар) — «Тобыл» (Қостанай) кездессе, одан кейін 18:00–де «Каспий» (Ақтау) — «Елімай» (Семей), 19:00–де «Қызылжар» (Петропавл) — «Астана», 20:00–де «Атырау» (Петропавл) — «Оқжетпес» (Көкшетау) жасыл алаңға шығады.