Ойынның 64-минутында «Ордабасы» футболшысы Эльхан Астанов кездесу нүктесін қойды.
Осылайша шымкенттік команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 28 ұпаймен көш тізгінін қолға алды. Олардың «Қайраттан» бір ойыны кем.
Бұл турда ойындар 27 және 28 мамыр күндері өткізілді.
27 мамыр
«Алтай» (Өскемен) — «Астана» 1:1
«Ертіс» (Павлодар) — «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1
28 мамыр
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ақтөбе» 2:2
«Қызылжар» (Петропавл) — «Жетісу» (Талдықорған) 3:2
«Атырау» — «Тобыл» (Қостанай) 1:1
«Жеңіс» (Астана) — «Каспий» (Ақтау) 1:0
«Қайсар» (Қызылорда) — «Елімай» (Семей) 2:3
«Ордабасы» (Шымкент) — «Қайрат» (Алматы) 2:1.
Енді алдағы тур ойындары 13 және 14 маусым күндері өтеді. Алдымен 13 мамырда «Тобыл» — «Қызылжар», «Жетісу» — «Оқжетпес», «Қайрат» — «Атырау», «Астана» — «Ертіс» ойнйды.
Ал 14 маусымда «Ұлытау» — «Жеңіс», «Елімай» — «Ордабасы», «Каспий» — «Қайсар», «Ақтөбе» — «Алтай» шеберлік байқасады.