ҚПЛ: «Ордабасы» сырт алаңда «Ұлытаудан» жеңіліп қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Шымкенттік «Ордабасы» бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХХІІ турында Жезқазғанның «Ұлытау» командасына жол берді.
Кейінгі жылдары үздік үштіктен көрініп жүрген шымкенттік клуб биылғы біріншілікті ала-құла өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде орта тұсында тұр. Салдарынан көп ұпай жоғалтып алуға мәжбүр болды.
«Ордабасы»бүгін сырт алаңда «Ұлытауға» 1:2 есебімен жол берді. Кездесу барысында жезқазғандық клубтан Димитро Юсов 9-минутта есеп ашса, шымкенттік Зикрилло Султаниязов 76-минутта таразы басын теңестірген еді.
Ал 79-минутта Георгий Бугулов соққан гол «Ұлытауға» жеңіс алып келді.
Сондай-ақ бүгін 20:00–де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Сондай-ақ 23 тамызда сағат Семейдің «Елімайы» Петропавлдың «Қызылжарын», Қостанайдың «Тобылы» түркістандық «Тұранды» 2:0, елордалық «Жеңіс» «Астананы» 3:2 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Атырау» кездесуінде 0:0 есебі тіркелді.
Айта кетсек, қазір көш басында 44 ұпаймен «Тобыл» командасы келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астана» мен «Қайраттың» 43 ұпайы бар.