Бұл турдағы ойындарды «Ордабасы» (Шымкент) — «Ұлытау» (Жезқазған) командалары түйіндеді.
Турнир кестесінде көш басында келе жатқан шымкенттік команда сәттілік сериясын жалғастырып келеді. Олар жеңісті жолын бүгін де жалғастырды.
Кездесу барысында командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасына гол соға алған жоқ.
Ойынның 70-минутында шымкенттік клубтан Берн Йонсен соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 40 ұпаймен бірінші орынға шықты. Олар қатарынан жетінші мәрте жеңіске жетті. Олардың екінші орында 39 ұпаймен келе жатқан алматылық «Қайраттан» екі ойыны кем.
Премьер-Лига, ХІІІ тур ойындары:
3 шілде
«Астана» -«Жеңіс» (Астана) 1:0
4 шілде
«Алтай» (Өскемен) — «Тобыл» (Қостанай) 1:0
«Қызылжар» (Петропавл) — «Елімай» (Семей) 0:1
5 шілде
«Атырау» — «Каспий» (Ақтау) 1:2
«Ақтөбе» — «Жетісу» (Талдықорған) 2:1
«Қайсар» (Қызылорда) — «Ертіс» (Павлодар) 0:0
«Ордабасы» (Шымкент) — «Ұлытау» (Жезқазған) 1:0.
Енді алдағы тур ойындары 11 және 12 шілде күндері өткізіледі.