Бұл күнгі матчтарды «Ақтөбе» — «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі түйіндеді.
Доп додасы аяқталар тұста қос команда өз мақсатына жетуге бар күшін салып келеді. Ақтөбелік ұжым төртінші орынға табан тіреп, еуродода аймағына орналасуды көздейді.
Ал шымкенттік команда бас жүлдеге қол жеткізуді қалайды.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алдымен «Ақтөбе» сапынан Даниэль Соса 21-минутта есеп ашқан еді. Оған «Ордабасы» сапынан Лео Натель 21, Сергей Малый 53, Тидиан Кейта 77-минутта үш голмен жауап берді.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, бас жүлдеге бір табан жақындады. Нәтижесінде чемпион атануына мүмкіндігі арта түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын өз алаңында қостанайлық «Тобыл» Астананың «Жеңісін» 4:2, көкшетаулық «Оқжетпес» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.
Енді ертең, 18 қазанда 15:00–де «Алтай» (Өскемен) — «Атырау», 16:00–де «Елімай» (Семей) — «Ұлытау» (Жезқазған),
18:00-де «Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Павлодар), 19:00–де «Астана» — «Каспий» (Ақтау) шеберлік байқасады.