ҚПЛ: «Шахтер» өз алаңында «Тобылды» жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының IX туры аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында Қостанайдың «Тобылмен». кездесті.
Турнир кестесінде көш соңында келе жатқан қарағандылық команда ойын бастала сала шабуылға иек артты. Өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысып, алғашқы голды соғудың амалын іздеді. Кездесудің 38-минутында Роджер Каньяс көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның екінші бөлігінде гол соғылмады. Осылайша қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен команда турнир кестесінде он екінші орынға көтерілді.
Ал, соңғы бес кездесуде үш мәрте жеңіске жеткен Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасымен тең түсті. Матч бойы командалар бір-біріне гол соға алмады. Ойын барысында талдықорғандық клубтан Брага Виктор Кристиано 75, Цотне Мосиашвили 83-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. «Қызылжар» сапынан Евгений Березкин 84-минутта пенальтиден мүлт кетті.
Енді аталған турды 21.00-де «Елімай» (Семей) мен «Қайрат» (Алматы) командалары түйіндейді.
Еске салсақ, 18 мамырда «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Атырау» мен «Астананы», «Қайсар» «Жеңісті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.