ҚПЛ: «Тобыл» «Қайраттың» осал тұсын таба ала ма

Фото: «Тобыл» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХVIIІ туры басталады.

Бүгін, 25 шілдеде сағат 19:00–де «Жеңіс» (Астана) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнайды. 
Ал 26 шілдеге үш кездесу белгіленген. Сағат 18:00–де «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы), «Елімай» (Семей) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ 27 шілдеде 20:00–де «Тұран» (Түркістан) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.

Бұл турдағы 30 сәуірде алдын ала өткізілген ойында «Атырау» өз алаңында «Астанаға» 0:2 есебімен жол берген еді. 

Айта кетсек, қазір көш басында 40 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 37, «Тобылдың» 35 ұпайы бар. 

Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 9 голмен көш баастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Марин Томасов («Астана») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 8 гол соғып үлгерді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық «Ақтөбе» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасынан басым түсті.