Екі команда биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді қалайды. Сондықтан әрбір кездесуде олар ұпай олжалауды көздейді.
Бүгінгі ойын барысында қостанайлық клуб сапынан Николай Сигненвич 9-минутта көзге түсті. Оған семейлік командадан Флореску Эдуард-Мариан 92- минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша қарсыластар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Тең есеп «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде де тіркелді. Қос команда бір ұпайдан еншіледі.
Айта кетсек, ел біріншілігінің үшінші турында елордалық «Астана» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуды» 3:0, «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңсе, «Ұлытау» мен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебімен тең тарқасты.
Аталған турдың алғашқы ойын күні, 29 наурызда «Қайрат» сырт алаңда түркістандық «Тұранды» 2:1 есебімен тізе бүктірсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:2 есебін тіркеді.
Алдағы тур ойындары 5 және 6 сәуір күндеріне белгіленген.