АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің алғашқы туры мәресіне жетті.
Бұл турды Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Түркістанның «Тұран» командалары түйіндеді.
Кездесу барысында қостанайлық клуб сенімді түрде жеңіске жетті. Олардың қатарынан Эль-Мессауди Ахмед 40, Энен Давид 61-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Аталған турда «Ордабасы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 5:0, «Қайрат» «Қызылжарды» 2:1 есебімен сүріндірсе, «Елімай» мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ, 1 наурызда «Астана» «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңсе, «Қайсар» «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берді.
Енді екінші тур ойындары 5,6,7 наурыз күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.