Бұл кездесу Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де Павлодарда басталған. Алайда қалада соққан екпіні күшті жел мен нөсер жаңбыр салдарынан футболшылар ойынды жалғастыра алмады. Шамамен 50 минуттан кейін ғана матч қайта жалғасты.
Ойынның 23-минутында «Тобыл» сапынан Райан Сенхаджи есеп ашса, 52-минутта Виталий Лисакович мергендік танытты.
Кездесу барысында қостанайлық клубтан Антонио Боршич 69, павлодарлық ұжымнан Руслан Юденков 93-минутта қызыл қағаз алып, матчты ерте аяқтады.
Осылайша, «Тобыл» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ бүгін «Каспий» (Ақтау) — «Елімай» (Семей), «Қызылжар» (Петропавл) — «Астана», «Атырау» (Петропавл) — «Оқжетпес» (Көкшетау) кездеседі.
Ал 15 тамызда алматылық «Қайрат» Жезқазғанның «Ұлытауынан», шымкенттік «Ордабасы» Өскеменнің «Алтайынан» 3:1, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түссе, сырт алаңда «Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.