НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының оныншы туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы ойында Қостанайдың «Тобылы» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары кездесті. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті. Оны қостанайлық футболшы Жереми Манзорро 65-минутта соқты.
Аталған жеңістен кейін «Тобыл» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында 24 ұпаймен Алматының «Қайраты» тұр. Үшінші орында 15 ұпаймен «Астана» келеді.
Енді аталған турда 23 қыркүйекте «Каспий» мен «Тараз», 24 қыркүйекте «Жетісу» мен «Шахтер», «Ордабасы» мен «Қызылжар», «Қайсар» мен «Астана» командалары кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.