ҚПЛ: «Тұран» елордада «Астанаға» қауқар көрсете ала ма

Фото: «Тұран» футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХVII туры басталады. 

Бүгін, 18 шілдеде сағат 20:00-де «Астана» мен «Тұран» (Түркістан) ойнайды. 

Ал 19 шілдеге үш кездесу белгіленген. Сағат 18:00-де «Елімай» (Семей) мен «Жеңіс» (Астана), «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), 20:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ұлытау» (Жезқазған) жасыл алаңға шығады. 

Сондай-ақ 20 шілдеде 18:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Атырау», 20:00-де «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Ордабасы» (Шымкент) кім мықтыны анықтайды. 

Айта кетсек, қазір көш басында 37 ұпаймен «Астана» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Қайраттың» 36, «Тобылдың» 32 ұпайы бар. 

Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Дәурен Жұмат («Оқжетпес») пен Назми Грипши («Астана») 8 голмен көш басында тұрса, одан кейінгі орынға жайғасқан Ислам Чесноков («Тобыл») пен Марин Томасов («Астана») 7 гол соғып үлгерді. 

Еске салсақ, «Ақтөбе» футбол командасы енді Конференция лигасында сынға түседі.