Бұл турдың шымылдығын бұл бүгін, 25 шілдеде «Жеңіс» (Астана) пен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ашты.
Елордада өткен ойында қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Кездесу барысында астаналық команданың басымдығы байқалып тұрды. Олар көбірек шабуылға шықты.
Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Аталған ойыннан кейін 28 ұпаймен «Оқжетпес» бесінші орында тұрса, 24 ұпай жинаған «Жеңіс» жетінші орынға көтерілді.
Енді аталған турда 26 шілдеге үш кездесу белгіленген. Сағат 18:00–де «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайрат» (Алматы), «Елімай» (Семей) мен «Жетісу» (Талдықорған), 20:00–де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 27 шілдеде 20:00–де «Тұран» (Түркістан) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Бұл турдағы 30 сәуірде алдын ала өткізілген ойында «Атырау» өз алаңында «Астанаға» 0:2 есебімен жол берген еді.