Құжатта Қазақстанның ақша-несие саясатының эволюциясы мен түрлі режимдері қарастырылған.
Құжат Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының тұжырымдамалық тәсілдерін және одан әрі даму бағыттарының қағидаттарын айқындайды. Құжатта Қазақстанның ақша-кредит саясатының эволюциясына және ақша-кредит саясатының түрлі режімдеріне шолу берілген.
Айта кетейік, Ұлттық Банк дамудың ағымдағы кезеңінде инфляциялық таргеттеу режімін енгізуді ұсынады. Инфляциялық таргеттеу инфляцияның нысаналы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған.
Ұлттық Банктің бағамдық саясаты инфляция бойынша мақсатты ұстап тұруға бағытталады.
Алайда, валюталық күйзелістер басталған жағдайда, қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк әлемнің ең озық практикасына сәйкес ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдаудың ағымдағы жүйесін өзгертуге, коммуникациялық саясаттың тиімділігін арттыруға басымдық береді.
Коммуникациялық стратегияның негізгі мақсаты экономикалық агенттердің басымдықтарын айырбастау бағамынан инфляцияға ауыстыру, сондай-ақ инфляциялық күтулерді төмен деңгейде бекіту болады.
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі ақша-кредит саясатын іске асыру Ұлттық Банкке баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Сарапшылардың пайымдауынша, бұл орнықты экономикалық өсуге ықпал етеді, сондай-ақ елдің әлемнің барынша дамыған отыз елдің қатарына кіруі бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуіне жәрдемдеседі.