ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкілдік жанындағы эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Адам құқығы жөніндегі уәкілдік жанындағы эксперттік кеңестің кезекті отырысы өтті,

деп хабарлады омбудсменнің баспасөз қызметінен.

Алқалы жиын барысында уәкілдің Қазақстандағы еңбек құқықтарының сақталуы туралы арнайы баяндамасын дайындау мәселелері қаралды. Аталған тақырыптың өзектілігі Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген тапсырмалардан, сонымен қатар омбудсменге азаматтар тарапынан түсіп жатқан өтініштерден туындап отыр.

Жиын барысында құқық қолдану және сот тәжірибесінің жекелеген проблемалары бойынша эксперттік кеңес мүшелерінің қорытындылары талқыланды.

Қатысушылар 2011 жылға арналған кеңес жұмысының жоспарын бекітті.