ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл норвегиялық Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының делегациясымен кездесті

None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстанға Альф-Оге Хансен басшылығымен ЕҚЫҰ-ның толеранттылық және кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейдегі конференциясына қатысу үшін келген норвегиялық Бейбітшілік және адам құқықтары орталығының делегациясымен кездесті, деп хабарлады өкілдіктің баспасөз орталығы.

Аталмыш ұйым коммерциялық емес құрылым болып табылады, оның қызметі бейбітшілікті, адам құқықтары мен әлем бойынша дінаралық толеранттылықты алға жылжытумен байланысты.

Кездесу барысында тараптар Бейбітшілік және адам құқықтары орталығы мен Норвегия Хельсинки комитеті бірге дайындаған, ЕҚЫҰ-ның толеранттылықжәне кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейде өткен конференциясында ресми ашылуы болған Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі жағдай туралы баяндаманың жүзеге асырылуын талқылады.