Отырыста әлеуметтік және еңбек дауларының алдын-ала тетіктерін жетілдіру мәселелері және «Дербес деректер туралы» Заң жобасы талқыланды.
Сарапшылық кеңес мүшелері әлеуметтік және еңбек дауларын шешу мәселелеріне Уәкіл мекемесінің нәтижелі қатысуына, бұл мәселе бойынша кәсіподақтар мен басқа да құқық қорғау ұйымдарымен әрекеттестікті жандандыруға бағытталған ұсыныстарды енгізді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қаралып жатқан «Дербес деректер туралы» Заң талқыланды.
Сарапшылық кеңес мүшелері дербес деректерді қорғау саласында адекваттық, қазіргі заманғы болмысқа сай келетін заңды қабылдау конституциялық және халықаралық құқық нормаларының талаптарынан туындайды деп санайды. Осы мәселе бойынша Мәжіліс жұмыс тобына тиісті ұсыныстар жолданатын болады.