ҚР Әділет министрі Б. Имашев төл мерекенің атауын өзгертуді ұсынды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Заңгерлерді ортақ кәсіби абырой мен тілектестік болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты шарада ҚР Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.

«Біз өзіміздің кәсіби төл мерекемізді алғаш атап өтудеміз. Осы орайда біздің еңбегімізді Мемлекет басшысы мен барша біздің қоғам тарапынан лайықты бағаланып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар осы кәсіби мерекенің атауына өзгерту мен толықтыру бойынша ұсынысқа бастама жасау қажет деп санаймын. Оны әділет органдары қызметкерлері мен заңгерлердің күні деп атауға болар еді», - деді министр.

«Біз өзімізді нотариустерден, адвокаттардан, кез-келген кәсіпорынның заңгерлерінен, заңгерлік тұрғыдағы саланың өзге қызметкерлерінен бөліп-жарып тұрғанымыз жоқ. Бізді бір мамандық біріктіріп отыр, ол - заңгерлік мамандығы. Осы орайда бізде ортақ кәсіби абырой мен тілектестік болуы тиіс», - деді ведомство басшысы.

Өзінің құттықтау сөзінде Әділет министрі Берік Имашев Әділет министрлігінің еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бері мемлекеттің құқықтық саясатын әзірлеу және жүзеге асыруға үлкен септігін тигізгенін атап өтті.

 Бүгінгі таңда Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары өздеріне жүктелген маңызды мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын қарымды механизм.

Аталған ведомствоның мәліметінше, әділет органдары қызметкерлерінің күнін тойлау қарсаңында әділет органдарының дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 89 қызметкер «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, 74 - «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 66 - І, ІІ, и ІІІ деңгейлі «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен және 143 қызметкер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің грамотасымен марапатталды.