ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің «Фейсбукта» ресми парақшасы ашылды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті "Фейсбукта" өзінің ресми парақшасын ашты.

Бұл жерде сот орындаушылардың күнделікті жұмыс барысы, борышкерлердің тізімі, халық білуі тиіс сұрақтарға жауаптар болады. Сондай-ақ аумақтық департамент қызметкерлерінің атқарған жұмыстары жарияланып отырады.

Азаматтар парақшаға өз пікірлері мен ұсыныстарын да қалдыра алады.

" Комитет осылайша сот орындаушылардың қызметін насихаттауды көздеп отыр", делінген таратылған баспасөз хабарламасында.