Атап айтқанда, 2016 жылға арналған ҚР Үкіметінің заң жобалық жұмыстары жоспарына сәйкес, маусым айында Әділет министрлігімен «Зияткерлік меншік саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» зияткерлік меншік бағытында заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізу қарастырылған.
«Заң жобасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін ескере отырып әзірленді, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында заңнаманы ары қарай жетілдіру мақсатында даярланды. Бұл тұрғыда құқықтық кемшіліктерді, қайшылықтарды жою арқылы ғылыми-техникалық ілгерілеу мен еркін бәсекелестікті дамытуға бағытталған, сонымен қатар әкімшілік кедергілерді қалыптастыратын нормаларды жою секілді қадамдар ескерілген»,-делінген министрлік мәліметінде.